Дәлдік, есеп және командалық рух: «Маркшейдерлік іс» бойынша республикалық байқау қалай өтуде?

23.10.2026

Дәлдік, есеп және командалық рух: «Маркшейдерлік іс» бойынша республикалық байқау қалай өтуде?
Кәсіби шеберлік, заманауи технологиялар және темірдей тәртіп! Қазақстан колледждерінің (ТжКБ) студенттері мен педагогтері арасында «Маркшейдерлік іс» құзыреттілігі бойынша өтіп жатқан республикалық кәсіби шеберлік байқауының атмосферасын дәл осылай сипаттауға болады. Қатысушылар жарыстың алғашқы кезеңінен сәтті өтіп, өздерінің жоғары деңгейдегі даярлықтарын көрсетуде.
Байқау барысы:
1-күн: Қарқынды бастама және алғашқы сынақтар 
Далалық сынақтар: Қатысушылар заманауи геодезиялық құралдармен (тахеометрлер, нивелирлер) жұмыс істеу барысында жоғары дәлдік пен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Камералдық өңдеу: Дәрісханада қатысушылар күрделі есептік тапсырмаларды орындап, мамандық талаптарына сай есептік құжаттамаларды рәсімдеді.
2-күн: Бәсеке мен шеберліктің шарықтау шегі 
Қатысушылар кәсіби дағдыларын, дәлдігін, терең білімдері мен тәжірибелік шеберліктерін көрсетуді жалғастырды. Алда қызу бәсеке, аса дәл есептеулер және нағыз командалық рух күтіп тұр!
Барлық қатысушыларға әрбір өлшеуде сенімділік, сәттілік, үздік нәтижелер және лайықты марапаттар тілейміз!

СМОТРЕТЬ

 

Просмотров: 50


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу