Оқу-жаттығуда қиын – ал емтиханда

Сессия басталды. Емтихандардың қызу кезеңі. "Емтихан" деген сөздің өзінен көпшілік терге түседі....

Осы кезеңді тезірек студенттер аяқтап, сессияның ауыртпалықтарын естен шығару  және демалыстан рахаттануды армандап, үйлеріне асығады.

Сессия кезінде студенттердің түрлі ырымдары баршылық: сол аяқпен тұру, бастың жартысын жуу, с.с. аяқ киімдеріне бес тийын салу, ол ең классикалық ырымдардың бірі болып саналады. Кейбір студенттер "жуынбау, шашты қимау, қырынбау, тырнақ алмау" ырымына сенеді. Оны "жинақталған білімді сумен жуып жіберу" деп түсіндіреді. Анық ғылымдарды тапсыратындар бастың сол жағын жумау керек, ал гуманитар ғылымдарды тапсырғанда бастың оқ жақ бөлігін жумау керек,  сонда емтихандар жеңілдеу өтеді деген ырымдарды да айтып жатқан студенттер баршылық.

Студенттердің тағы да ырымдарын айта кететін болсақ, Жапондарда студенттер емтиханға өздерімен «Кит-Кат» шоколадтарын алып барады екен. Атауы дәл осындай, себебі «әлбетте жеңеміз»дің жапонша аудармасы «китто катсу» деп айтылады. Шоколадтың атауымен таңқаларлықтай әуендес.

Ал, Польшада есе, басқа қаладан келіп оқитын студенттер үлгерім кітапшаларын үйлеріне, яғни оқу орны орналасқан қаладан, әкетуге болмайды дейді. Ырым бойынша, үлгерім кітапшасымен кетсең, оқуға қайта оралмайсың, оқудан шығарыласың деп түсіндіреді.

Осы сияқты ырым және сенімдерді сынамай, емтихан және сынақтардан өту үшін анық не жәрдем беретінін сөйлесейік.

  • Адам өзіне «Неге мен мұны істеуім керек?» басты сұрағына жауап бермейінше ештеңеге байыпты түрде қарай және жетістікке жете алмайды.

Мақсатқа жетудің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінетін болсаңыз, сіз оған барлық күшпен ұмтыласыз және сыртқы қосымша мотивация қажет етілмейді.

Шындыққа жетпейінше, бұл сұрақты өзіңе бер.

  • Сіз артта қалмасаңыз, қуып жетудің қажеті жоқ. Оқу жоспарына сәйкес жылжыңыз, сонда ешқандай проблемалар болмайды.

Сессияны табысты тапсыру ықтималдығы семестрдің бірінші күнінен бастап анықталады.

  • Қазір сіз емтихан немесе сынақ тапсыру үшін ғана оқымайтыныңызды түсіну өте маңызды. Сіз өзіңіздің бизнесіңіздегі маман, эксперт, кәсіпкер болуға оқисыз. Сессия — әдетте екінші дәрежелі. Білімді меңгеру және қалай қолдануды үйрену әлдеқайда маңызды. Бұл жағдайда бәрі өздігінен тапсырылады. Сіз сессияны да байқамайсыз, себебі оқу бағдарламасына қосымша, сіз басқа да ақпараттардың барлығын игергіңіз келеді.  
  • Өзіңізге қарапайым нәрсені түсіндіріңіз: мұғалім сізді құлату, немесе шығарып тастаудың әдістерін іздейтін жау емес, зұлым емес, қарсылас емес. Оның жұмысы - білім беру және меңгеру сапасын тексеру. Ал сіздердің жұмыстарыңыз осы білімдерді қабылдау, меңгеру және қолдануды үйрену. Ендеше оқудың не қажеті бар?

Дұрыс қабылдайтын болсақ мұғалім сіздердің досыңыз болып табылады және сіздің ортақ мақсаттарыңыз бар. Сәйкесінше, сіздердің қарым-қатынастарыңыз мүмкіндігінше шынайы және адал болу керек.

«Барынша сабақты толық игеру және сіздің пәніңізді сәтті тапсыру үшін мен не істеуім керек?» деп оқытушыға сауал беріңіз.

Осылай сіз өзіңіздің саналылығыңызды, атап айтқанда, білім алуға деген қызығушылықты көрсетесіз, сонымен қатар оқу процесіне мұғалімнің критерийлері мен көзқарастарын білетін боласыз.

Сондай-ақ біздер де оқушыларға алаңдамай, өздеріне сенуін және табысқа жетуін тілейміз.

Пән бойынша білімге ие болу шайқастың жартысы ғана. Ең қажеттісі зейін қоя білу және ойланудың маңызы зор. Сәттілік және тамаша бағалар тілеп қаламыз!

Джункабаева З.А., математика және информатика пәндері оқытушысы