Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен меморандумға қол қою
10 ақпан күні біздің қалаға жұмыс сапарымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Ғалым Байток келді.
Сапар барысында қонақтар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттерінің практикадан өтуі және түлектерді жұмысқа орналастыру үшін өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасу мақсатында "SSAP" ЖШС, "СТКХК" ЖШС қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады.
Біздің колледж бен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасында білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы Меморандумның мақсаты кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға және іске асыруға, үздіксіз білім беру шеңберінде оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған өзара тиімді ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнату болып табылады. Колледжді бітіргеннен кейін түлектер оқуын Ш.Уалиханов ат. Көкшетау университетінде КЕАҚ-да өзара тиімді шарттарда жалғастыра алады. Меморандум колледж түлектерінің білім туралы қолда бар құжаттарын ескере отырып, жеке жоспарлар бойынша жеделдетілген білім беру бағдарламаларын меңгеру мүмкіндігін айқындайды.
Габченко В.А.
